2025 жылғы 12–15 маусым күндері Түркістан облысының Жетісай қаласында «Бекзат Саттарханов» спорт кешенінде жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Орталық Азия және Қазақстан ашық кубогі ұйымдастырылды.
Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен барлығы 49 спортшы (33 ер, 16 әйел) қатысты.
Жалпы командалық есеп бойынша:
- І орын – Қазақстан (14 алтын, 9 күміс, 8 қола),
- ІІ орын – Қытай (2 күміс, 1 қола),
- ІІІ орын – Тәжікстан (3 қола),
- IV орын – Өзбекстан (3 қола).
Жекелеген салмақ дәрежелеріндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
52 кг (әйелдер)
І орын – Жақан Аружан (Қазақстан)
ІІ орын – Әшірбек Инас (Қазақстан)
ІІІ орын – Джумабаева Мавлуда (Қазақстан)
ІІІ орын – Дүйсембиева Айман (Қазақстан)
53 кг (ерлер)
І орын – Әбдіразақ Мырзагелді (Қазақстан)
ІІ орын – Сартай Абылай (Қазақстан)
ІІІ орын – Әбдіразақ Айкен (Қазақстан)
57 кг (ерлер)
І орын – Мағаз Сабыржан (Қазақстан)
ІІ орын – Әбілов Айғасыр (Қазақстан)
ІІІ орын – Рахімәлі Айбын (ҚХР)
ІІІ орын – Ниезов Халидулло (Тәжікстан)
57 кг (әйелдер)
І орын – Жакенова Асем (Қазақстан)
ІІ орын – Ботпайбек Гүлназ (Қазақстан)
ІІІ орын – Әкімбек Адел (Қазақстан)
61 кг (ерлер)
І орын – Советов Нұрбол (Қазақстан)
ІІ орын – Рысқыбай Жанболат (Қазақстан)
ІІІ орын – Скаков Дархан (Қазақстан)
ІІІ орын – Хаитов Шерзод (Қазақстан)
66 кг (ерлер)
І орын – Нұржақыпов Бахтияр (Қазақстан)
ІІ орын – Маратов Танирберген (Қазақстан)
ІІІ орын – Умаралиев Часур (Тәжікстан)
62 кг (әйелдер)
І орын – Суйдуова Айжан (Қазақстан)
ІІ орын – Махаметова Адэль (Қазақстан)
ІІІ орын – Миерхан Айару (Қазақстан)
71 кг (ерлер)
І орын – Райымбеков Тәттібек (Қазақстан)
ІІ орын – Заңғар Әділбек (ҚХР)
ІІІ орын – Намазов Парвезжон (Өзбекстан)
ІІІ орын – Омонов Мехриер (Тәжікстан)
77 кг (ерлер)
І орын – Дарбаев Ерқанат (Қазақстан)
ІІ орын – Сабыр Бақдаулет (Қазақстан)
ІІІ орын – Шамишев Жанибек (Өзбекстан)
ІІІ орын – Абдусатторов Сироджидин (Өзбекстан)
67 кг (әйелдер)
І орын – Нұрмаханова Меруерт (Қазақстан)
ІІ орын – Ақан Таңшолпан (Қазақстан)
ІІІ орын – Танақбай Мөлдір (Қазақстан)
84 кг (ерлер)
І орын – Қонай Бекмухамет (Қазақстан)
ІІ орын – Алиқат Байбосын (ҚХР)
93 кг (ерлер)
І орын – Көбей Мұқағали (Қазақстан)
+67 кг (әйелдер)
І орын – Беркінбаева Аружан (Қазақстан)
+93 кг (ерлер)
І орын – Сартбай Ерасыл (Қазақстан)
Жарыстың бас төрешісі – Н. Аманкулов, бас хатшысы – Г. Мирамбаева.
Бұл дода жекпе-жек спортының дамуына серпін беріп, халықаралық аренадағы ынтымақтастықты күшейтуге жол ашты. Қазақстан құрамасы айқын басымдық танытып, командалық есепте бірінші орынды иеленді.














