“Жекпе-жек” ұлттық спорт Федерациясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

«ЖЕКПЕ-ЖЕК»

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
  • ҚАЗ
  • РУС
  • БАСҚЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ФЕДЕРАЦИЯ
    • Федерация құрылымы
    • Басшылық
    • Байланыс
  • ҚҰЖАТТАР
    • Ережелер
    • Жарғы және аккредиттеу
    • Федерацияның реттеуші құжаттары
  • ЖАРЫСТАР
    • ҚР чемпионаты (ерлер, әйелдер)
    • ҚР чемпионаты (жастар)
    • Орта Азия және Қазақстанның Ашық Кубогы
    • Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалі
    • Каспий маңы елдерінің Ашық Кубогы
    • Азия чемпионаты
  • ҚР ҚҰРАМАСЫ
    • ҚР құрама командасы
    • Жаттықтырушылар құрамы
  • ДЕМЕУШІЛЕР
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
“Жекпе-жек” ұлттық спорт Федерациясы
  • БАСҚЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ФЕДЕРАЦИЯ
    • Федерация құрылымы
    • Басшылық
    • Байланыс
  • ҚҰЖАТТАР
    • Ережелер
    • Жарғы және аккредиттеу
    • Федерацияның реттеуші құжаттары
  • ЖАРЫСТАР
    • ҚР чемпионаты (ерлер, әйелдер)
    • ҚР чемпионаты (жастар)
    • Орта Азия және Қазақстанның Ашық Кубогы
    • Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалі
    • Каспий маңы елдерінің Ашық Кубогы
    • Азия чемпионаты
  • ҚР ҚҰРАМАСЫ
    • ҚР құрама командасы
    • Жаттықтырушылар құрамы
  • ДЕМЕУШІЛЕР
Jekpe-Jek .org.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындары басталды

13.09.2025
- Жаңалықтар
«Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындары басталды

Елімізде бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, өңірлерде ауыл спортын дамыту және өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 11-21 қыркүйек күндері «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындары өтеді.

Төртжылдықтың басты додасын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі ұйымдастыруда. Жарыстың демеушісі Sport Qory спортты қолдау қоры.

Араға төрт жыл салып өтетін кешенді жарыс ауыл спортын дамытудың тиімді жолы болмақ. Олимпиадалық, ұлттық және олимпиадалық емес 20 спорт түрін біріктірген шара Алматы облысында бастау алды (Қонаев қаласы, Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ, Қарасай ауданы).

Көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, асық ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, құсбегілік, жекпе-жек, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, қол күрес, гір спорты, кикбоксинг, «Толағай» алыптар сайысы секілді спорт түрлерінен Қазақстаннның ауыл спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Жарыста спортшылардың жеке жеңістері және командалық ойындардың жетістіктері ұпай арқылы есептеліп, үздік облыс анықталады. Ойындарға үш мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Бәйге түрлері бойынша шабандоздар жарыс шымылдырығын түреді, алғашқы күні-ақ бәйгеден жеңімпаздар анықталады.

Сондай-ақ аталған шараға еліміздегі республикалық маңызы бар қалалар қатыспайды, яғни 17 өңірдің соңғы төрт жылдағы ауыл спортын дамыту деңгейі байқалады.

Ауыл спорты ойындары алғаш рет 2000 жылы Астана қаласында, 2001 жылы Ақмола облысында, 2002 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өткен. Қазіргі таңда «Ақ бидай» Олимпиада жүйесі бойынша, яғни төрт жылда бір рет ұйымдастырылады. Маңғыстау облысында 2021 жылы өткен соңғы ойындарда Түркістан облысының спортшылары үздік өнер көрсеткен.

Ауыл спортын дамыту – ұлт денсаулығы мен болашағының негізі. «Ақ бидай» ойындары жастарды спортқа баулып, ауылдағы бұқаралық спортты жандандыруға серпін береді. Бұл жарыс өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жақсартуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бөлісу4Твитерге2ЖолдауБөлісуЖолдау

Ұқсас мақалалар

Годовое отчётное собрание по итогам работы за 2025 год
Жаңалықтар

Жыл қорытындысына арналған есептік жиналыс

2025 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында РҚБ «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының кеңсесінде жыл қорытындысына арналған есептік жиналыс өтті. Жиынға Республикалық...

12.12.2025
85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды
Жаңалықтар

85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында дене шынықтыру және спорт саласын цифрландыру барысы туралы баяндама жасады....

04.11.2025
Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті

Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған додада еліміздің түкпір-түкпірінен...

28.09.2025
Алматыда Қазақстан Республикасының Кубогінің салтанатты ашу рәсімі өтті.
Жаңалықтар

Алматыда Қазақстан Республикасының Кубогінің салтанатты ашу рәсімі өтті.

Алматы қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті қонақтар қатарында:...

25.09.2025

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар

Годовое отчётное собрание по итогам работы за 2025 год

Жыл қорытындысына арналған есептік жиналыс

12.12.2025
85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды

85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды

04.11.2025
Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасының кубогі өз мәресіне жетті

28.09.2025
Алматыда Қазақстан Республикасының Кубогінің салтанатты ашу рәсімі өтті.

Алматыда Қазақстан Республикасының Кубогінің салтанатты ашу рәсімі өтті.

25.09.2025

«Жекпе-жек» – ұлттық жауынгерлік өнері

«Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери - жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі.

  • Басқы бет
  • Федерация
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • БАСҚЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ФЕДЕРАЦИЯ
    • Федерация құрылымы
    • Басшылық
    • Байланыс
  • ҚҰЖАТТАР
    • Ережелер
    • Жарғы және аккредиттеу
    • Федерацияның реттеуші құжаттары
  • ЖАРЫСТАР
    • ҚР чемпионаты (ерлер, әйелдер)
    • ҚР чемпионаты (жастар)
    • Орта Азия және Қазақстанның Ашық Кубогы
    • Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалі
    • Каспий маңы елдерінің Ашық Кубогы
    • Азия чемпионаты
  • ҚР ҚҰРАМАСЫ
    • ҚР құрама командасы
    • Жаттықтырушылар құрамы
  • ДЕМЕУШІЛЕР