2025 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында РҚБ «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының кеңсесінде жыл қорытындысына арналған есептік жиналыс өтті.
Жиынға Республикалық қоғамдық бірлестіктің сарапшылары мен мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
– Бас жаттықтырушы Манарұлы Д.- 2025 жылғы атқарылған жұмыс және спорттық жетістіктер бойынша есебі тыңдалды (жыл бойы құрама команданың жарыстарға қатысуы және жеткен нәтижелері).
– Федерацияның басшылық құрамымен және қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер бөлініп берілді.
– 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралар күнтізбесінің жобасы бекітілді.
– 2026 жылы өтетін жекпе-жек бойынша Әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелері мен жоспары талқыланды.
– Федерация Вице-президенттеріне ресми куәліктер табысталды.
– Ұлттық спорт «Жекпе-жек» дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталғандар:
1. Бекенов Ө.Ж. – Бірінші вице-президент
2. Серманизов Б.Қ. – Вице-президент
3. Сейтбаева А.Ж.
4. Закирова Н.М.
Жиналыс нәтижесінде 2026 жылға нақты жоспарлар бекітіліп, алда атқарылатын жұмыстар пысықталды.














