Қасым-Жомарт Тоқаев: “Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең міртебеге ие болды”
16 қыркүйекте, Алматы қаласында, Қазақ спорт және туризм Академиясы, Қазақстан Республикасының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы және Алматы облысының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы арасында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы, Қазақстан Республикасының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекенов Өмірзақ Жамбырбайұлы және Алматы облысының «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының президенті Байсалбаев Бақытжан Сатыбалдыұлы қол қойды.
Меморандум «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамытуға, спорт ғылымының заманауи жетістіктерін оқу-жаттығу үдерісіне енгізуге, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және спорттық резервті даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Бұл келісім тараптар арасындағы ғылыми, білім беру және спорттық байланысты нығайтып, ұлттық спорттың одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.












