11–21 қыркүйек аралығында Алматы облысында «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорт ойындары өтеді!
Бұл – ауыл спортын дамытуға бағытталған төртжылдықтың басты бәсекесі!
Еліміздің 17 өңірінен жиналған спортшылар 20 спорт түрінен өзара мықтыны анықтайды!
Көкпар, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, теңге ілу, тоғызқұмалақ, құсбегілік, ЖЕКПЕ-ЖЕК,
қазақ күресі, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, гір спорты, волейбол, шағын футбол, кикбоксинг, Толағай алыптар сайысы, үстел теннисі, қол күрес.
Жекелей және командалық есеп – үздік өңірді анықтайды!
Ауыл спорты — ұлт денсаулығы мен болашағының кепілі!
Демеушісі Sport Qory спортты қолдау қоры.








